ШҚО-да көпсайыстан ҚР чемпионаты өтуде

ШҚО-да көпсайыстан ҚР чемпионаты өтуде

Ел чемпионатында жарыс қожайындарынан бөлек, жүлделі орындарды сарапқа салуға Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары жарыс жолына шықты. Қатысушылар 60 м қашықтыққа жүгіру, суға жүзу, 2 және 3 шақырымға жүгіру, тапаншадан және пневматикалық мылтықтан ату сынды спорттың төрт түрінен сынға түсуде. Жарыстағы ең жас қатысушы 11 жаста болса, ең егде спортшының дені 60-та.

Ел чемпионаты қорытындысында Қазақстан құрамасы жасақталып, сәуірдің 11 мен 15 аралығында Белоруссияның Могилёв қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или