Алматыда бильярдтан Әлем чемпионаты өтеді
Сәуірдің 5-і мен 8-і аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бильярдтан «динамикалық пирамида» бойынша әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік спортшылары бақ сынайды.
Турнирге 64 ерлер және 32 әйелдер командалары қатысады. Олардың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортшылар да бар. ЖарысқаЯрослав Тарновецкий (Украина), Сергей Крыжановский (Молдова), Артур Пивченко (Украина), Никита Ливада (Ресей), Қаныбек Сағымбаев (Қырғызстан), Владислав Осьминин (Ресей) және Леонид Швыряев (Ресей) сынды бильярд спортының жұлдыздары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетер жайт, әлемдік бәсекеде еліміздің намысын үздік құрама командасы қорғайтын болады. Қазақстан құрамасының сапында әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Каранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров өнер көрсетеді. Сонымен қатар, республикалық чемпионаттың жеңімпазы Арби Муциевтің қатысуы жоспарлануда.
Бұл чемпионат QazSport телеарнасында көрсетіліп, YouTube каналында онлайн-трансляция жүгізіледі.