Алматыда триатлоннан қала чемпионаты өтеді

Алматыда триатлоннан қала чемпионаты өтеді

Наурыздың 31-і күні Almaty Arena спорт кешенінде триатлоннан қала чемпионаты өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Оған 9 жастан асқан кез келген адамның қатысуға мүмкіндігі бар.  Жарысқа қатысу тегін.

Қала біріншілігі екі дистанция бойынша өткізіліп, сағат 09:00-де басталады:

- акватлон: 9-дан 14 жасқа дейінгі спортшылар жүзуден 50 м, жүгіруден 1 км қашықтықта жарысады.

- триатлон суперспринт: 15-ден 23 жасқа дейінгі қатысушылар өз күштерін 3 кезеңнен сынамақ: жүзу 300 м, веложарыс 8 км, жүгіру 2 км.

Қатысушылар өз сұраныстарын  көрсетілген сілтеме бойынша  наурыздың 29-ы күні 12:00-ге дейін жіберуі қажет:

Дистанция «акватлон»: http://bit.ly/2tcDcEZ

Дистанция «триатлон-суперспринт»: http://bit.ly/2CU4eRl

Сайстын ережесіне сәйкес 8-18 жас аралығындағы қатысушыларда өзінің жеке куәлік/туу туралы куәлік және ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері болуы керек. Сонымен қатар, ата-аналарынның өз қолымен жазылған қолхат пен олардың  қатысуға болады деген келісімдері қажет. Ал, 18 жастан жоғары қатысушыларға тек өзінің жеке куәліккөшірмесі мен денсаулығына жауапты туралы қолы болса болғаны.

Жарыстың  ұйымдастырушалары: Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы,  «Almaty Triathlon Federation» «Алматы Марафон» жәнеAlmaty Arena-дағыДмитрий Гааг триталон мектебі болып табылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жас ерекшеліктері  бойынша медалдар және  дипломдары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или