ШҚО-да волейболдан облыстық турнир аяқталды

ШҚО-да волейболдан облыстық турнир аяқталды

Риддерде волейболдан 2002-2003 ж.т., және 2004-2006 ж.т қыздар арасында ҚазКСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бруно Шнабельды еске алуға арналған облыстық өз мәресіне жетті.

Сайыста Риддерден екі команда, Өскемен қаласынан, Бородулиха, Шемонаиха, Жарма аудандарынан, сондай-ақ, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ құрамасынан келген 100-ден астам спортшы бақ сынасты. Турнир қорытындысында ересек топ арасында Риддердің екінші командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ құрамасына бұйырса, үздік үштікті Жарма ауданының ұжымы түйіндеді. Ал, кіші топ арасында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ ұжымы үздік атанды. Турнирдың күміс жүлдесін риддерлік команда еншілесе, Жарма ауданының волейболшылары қолаға қол созды.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или