Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында грэпплинг спортынан бірінші орын алды
5 наурызда Қырғызстан астанасы Бішкекте ерлер және әйелдер арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан Ұлттық құрамасы аталған чемпионатта 33 медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ал екінші орынды турнир қожайындары иеленді.
Айта кетейік, өткен жылы да Астана қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық палуандар 40-тан астам медальді қанжығаларына байлап бірінші орынға ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или