Еркін күрес

Әділет Дауламбаев - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Әділет Дауламбаев - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының бүгін соңғы күні. Чемпионаттың аяқталар сәтінде төрт қазақстандық еркін күрес шебері жүлдеге таласты.

Алғаш болып белдескен Нұрислам Санаев (61) алтын медаль жеңіп алса, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қолаға қол жеткізді.

Біздің балуандар арасынан осы кездекті Азия чемпионатында ең соңғы болып боз кілемге шыққан Әділет Дауламбаев (92 келі) ақтық сында Ираннан келген балуанмен күш сынасты.

Өкіншке орай, отандасымыз финалдағы қарсыласын жеңе алмады. Белдесу бастала сала Әділет әдіс жасаған еді, алайда өз әдісіне өзі түсіп қалып, қарсалсы есеп ашып кетті. Осындай шабуылдардың бірінде ирандық тағы да ұпай еншілеп, есепті ұлғайтып алды да, сол нәтижені сақтап қалуға тырысты. Кездесу соңына қарай тіпті күрес тәсілінен бөлек айла-амалдарға да ұрынып бақты. Қортынды есеп 2:5.

Осылайша, Әділет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл қазақстандық еркін күрес шеберлерінің жетінші жүлдесі. Осыған дейін ел қоржынына еркін күрестен екі алтын, төрт қола медаль түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер