Данияр Қайсанов - Азия чемпионатының қола жүлдегері
Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының бүгін соңғы күні. Чемпионаттың аяқталар сәтінде белдескен еркін күрес шеберлерінің қатарында төрт қазақстандық балуан бар болатын.
Алғаш болып белдескен Нұрислам Санаев алтын алған болатын.

Қазақстандық балуандар арасынан екінші болып күрескен Данияр Қайсанов (74 келі) Корея балуанын жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Негізі Данияр кездесуді сәтсіз бастаған, бірде 6:1 есебімен ұтылып жатса, кездеудің бітуіне бір жарым минут қалғанда 8:3 есебімен жеңіліп жатты. Алайда Қайсанов қайсарлық танытты. Соңғы минуттарда бар өнерін көрсетіп, есепті 8:12 ге жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или