Олимпиада чемпионына құны 25 миллион теңгелік пәтер сыйға беріледі
Билік өкілдері жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге Алматыдан үш бөлмелі пәтер алып бермек, - деп хабарлайды Sputnik сайты.
Үкімет 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер алуға 38 миллион теңге қаражат бөлген.
Резервтен қаражат бөлу туралы қаулы электронды үкімет порталында жарияланды. Ал бокстан қола жүлдегер Дариға Шәкімоваға 12 миллион 930 мың теңге тұратын бір бөлмелі пәтер сыйға тартылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или