Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионатында топ жарды

Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионатында топ жарды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен финалға үш балуанымыз шыққан болатын.

Қазақстандық спортшылар арасында үшінші болып боз кілемге шыққан Асхат Ділмұхамедов (82 келі) ақтық сында Қырғызстан балуаны Атабек Азизбековты жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Белдесуде жергілікті балуан алғаш болып есеп ашқанымен, отандасымыз өз мықтылығын дәлелдей білді. Кездесу соңына дейін есепті 5:2 ге жеткізді.

Осыған дейін финалда өнер көрсеткен Алмат Кебісбаев алтын медаль, Демеу Жадыраев күміс жүлде еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или