Алмат Кебісбаев Азия чемпионы атанды

Алмат Кебісбаев Азия чемпионы атанды

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың екінші күні грек-рим күресінен үш балуанымыз финалға шыққан болатын.

67 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Алмат Кебісбаев ақтық сында жапондық Шимойамадамен белдесті.

Тәжірибелі Алмат қарсыласына бірден басымдылық танытып, 5:0 есебімен алға шықты. Жапондық балуан кездесу соңына қарай бір ұпай алғанымен, одан әріге шамасы жетпеді.

Осылайша, Алмат осы кезекті Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалді алып берді. Кеше үш балуанымыз қола медаль алған болатын. Бұл қазақстан құрамасының төртінші жүлдесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или