ХОК Олимпиаданы ұйымдастырушыларды орденмен марапаттады

ХОК Олимпиаданы ұйымдастырушыларды орденмен марапаттады

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Пхенхчандағы қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Кеше президент Бах Қысқы ойындарын ұйымдастыру комитетімен бірге таңғы ас ішіп, атқарқан қызметтері үшін алғысын білдірді.

- Бізге және бүкіл әлемге керемет қысқы Олимпиада ойындарын көрсеттіңіздер. Бұл жетістік командалық жұмыстың нәтижесі. Сол себепті (POCOG) Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне және Оңтүстік Корея еліне алғыс айтқым келеді, - деді Томас Бах.

Кездесу барысында Пхёнчхан-2018 (POCOG) Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Хи Хим Ли алтын Олимпиада орденімен марапатталды. Сондай-ақ, POCOG бас хатшысы Хенг Ку Йо және вице-басшылар Джа Юл Ким мен Йо Хо Кимге де Олимпиада ордені табысталды.

Сонымен қатар Томас Бах қысқы спорт түрлерінің Халықаралық федерацияларына алғыс айтты: Сіздер үнемі POCOG мен ХОК-ты қолдап жүрдіңіздер. Көмектеріңіз үшін көп рахмет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или