Қазақстандық гимнаст Австралияда ауыр жарақат алды
18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Австралияның Мельбурн қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды.

Карими Instagram желісіндегі парақшасында жарақат алған сәтінен видеоны жариялады.

Тағы бір постында биылғы маусым ол үшін аяқталғанын айтты. "Оң қолым үш жерден сынды, шытынаған жерлері де бар", - деп жазды Карими.

Айта кетейін, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында гимнастикадан "күміс" медаль иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или