Ямайкалық желаяқ, Олимпиаданың 8 дүркін чемпионы және әлемнің 11 дүркін чемпионы атанған Усэйн Болт футбол командасымен келісімшартқа отырғаны туралы өзінің Тwitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Baq.kz тілшісі.
Усэйн Болт футбол командасымен келісімге келді
Ол былтыр Лондонда жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатынан кейін спорттық карьерасын аяқтайтынын хабарлады. Әлемдегі нөмірі бірінші желаяқ осыған дейін футболшы болғысы келетінін, «Манчестер Юнайтед» сапында доп тепкісі келетінін айтқан болатын.
Қаңтар соңында 31 жастағы Болттың ОАР елінің «Мамелоди Сандауз» клубында жаттығып жүргені мәлім болды. Ол «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» арасындағы жолдастық кездесуде алаңға шығуды жоспарлағанын, кейін жарақатына байланысты ойнай алмағанын мәлімдеді.
Дегенмен Усэйн Болттың футболшы атанатын күні алыс емес.«Футбол командасымен келісімшартқа қол қойдым! Қандай команда екенін сейсенбі күні білетін боласыздар», - деп жазды атлет Тwitter-дегі парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или