Сот отырысында 170-ке жуық куәгер (спортшылар) Ларридің сексуалды зорлық-зомбылық әрекет жасағанын айтты. Нассар емдеу поцессін сылтауға алып, сексуалды әрекеттерін жүзеге асырған. Сот үкімін шығарған судья <span>Розмари Акуилина оны «өлім жазасына» кесті. </span>

<span>«Мен жана ғана сізді өлім жазасына кестім. Сіз бостандыққа шығуға лайық емессіз», — деді ол.</span>

Өткен жылдың қараша айында Нассар 10 факт бойынша кінәсін мойындады. Оның үстінен 140-тан астам қыз шағым түсірген болатын.Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары Симона Байлс, Александра Райсман, Габриэлла Дуглас және Маккайл Мароунилар бар.