Таразда тоғызқұмалақтан облыстың ашық кубогы өтіп жатыр
Жамбыл облысының әр ауданынан келген 70-ке тарта спортшы Таразда тоғызқұмалақтан облыстың ашық кубогіне қатысып жатыр, деп хабарлайды 24 телеарнасы.
Сайыс ұлттық ойынды насихаттап, өскелең ұрпақты интеллектуалды ойынға баулу мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы соңғы жылдары өңірде спорттың дәл осы түріне жастардың қызығушылығы артқан. Бұл жолғы сайысқа 8 команда қатысып жатыр. Турнир үш күнге жалғасады.
Айжан Иманәлиева, тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы: – Бұл ойынды ойнаған бала математикалық есептерді логикалық есептерді өте жақсы шығарады. Балалардың ойыны өте тартысты өтіп жатыр. Балалар жақсы дайындалып келген жарысқа. Бұл жарыстан өткендер 5-12 ақпан күндері Алматы қаласында Қазақстанның ашық кубогына барады.