Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады

Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады

<span>Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Алматыдағы титулдық жекпе-жегінен кейін түскен суретін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  </span>

<span>Суреттен ержүрек қыздың оң қолы гипстелгенін көруге болады. Спортшы оны Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, Фируза Шарипова кешегі бокс кешінің бас кездесуінде Бельгиядан келген Джемилла Гонтарюкті жеңді. </span>

<span>Боксшылар екінші жартылай орта салмақта (59 кг) WBC Silver және IBO Championship нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына таласты. 10 раундтық жекпе-жек қорытындысына сай төрешілер бірауыздан Фирузаның жеңіске жеткенін айтты. Енді Шарипова WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионымен 2018 жылдың көктемінде Таразда немесе Монакода кездесуі мүмкін.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или