Ой қорыту
Басқа

Нұртас Адамбай: Байзақованың әрекеті заңсыз ба? Сотқа беріңдер!

Нұртас Адамбай: Байзақованың әрекеті заңсыз ба? Сотқа беріңдер!
news-banner7
mobile-news-top

Продюсер Нұртас Адамбай қамауға алынған Instagram жұлдызы және таэквондодан ел чемпионы Айжан Байзақованың жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Әрине, Байзақова инстаграмда да, өзінің клубында да шектен шықты. Бірақ біз құқықтық мемлекетте тұрып жатырмыз ғой. Оның әрекеттерінің заңдылығын анықтайтын заң бар!

Ұнамай ма? Мұндай іс-әрекеттерге жол жоқ және ол біреудің құқығын бұзады ма? Онда арыз жазып, сотқа беріңіз. Заң бәрінен жоғары тұру қажет!

Айжан 3 күн қамауға алынды, істеген әрекетіне өкінді. Бірақ белгілі бір адамдардың клубтың «шаңырағын ортасына» түсіреміз дегені заңды ма? Бізде сот, атқарушы органдар бар. Олар әрбір істің заңды немесе заңды еместігін анықтап отырады.

Ешкім бұл істі өз қолына ала алмайды! Заңды құрметтеңіздер», - деп жазды ашынған Нұртас Адамбай Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері Айжан Байзақованы қамауға алған болатын. 2017 жылдың 17 желтоқсан күні Алматы қаласында Айжан Байзақова Сейфуллин 59-үй мекенжайында орналасқан түнгі клубта мекеме қонақтарының алдында, яғни қоғамдық орында боқтық сөз сөйлеген. Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаларды мазалаған. Оның үстінде ол қыздар арасында шешіндіру үшін конкурс өткізіп, бұл шарада жүргізуші болған. Сот отырысында Байзақова өз кінәсін толықтай мойындаған. Артынша отандық БАҚ беттерінде Айжан Байзақованы ұрып кеткені туралы ақпарат тарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер