Criminals
Басқа

Айжан Байзақованы клубтағы шулы видеодан кейін ұрып кетті

Айжан Байзақованы клубтағы шулы видеодан кейін ұрып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Instagram жұлдызы және таэквондодан ел чемпионы Айжан Байзақованы ұрып кетті. Бұл жайлы өзінің Instagram аккаунтында Айжанның әпкесі Жібек Байзақова жазды, деп хабарлайды Today.kz.

Айжанның терісі сыдырылып, денесі қансыраған фотосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Жібек Байзақова клубта болған оқиға мен шабуылдың егжей-тегжейін айтып берді.

«Шынымен де оған шабуыл жасалды. Ол оқиға клубтағы жарыстан соң болған. Алайда, біз заң сақшыларына хабарламадық. Себебі жарақаттары айтарлықтай ауыр болған жоқ. Тек ғаламторға жібергені аз-кем ренжітті», - деп айтып өтті Айжан Байзақованың әпкесі.

Еске салайық, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері Айжан Байзақованы қамауға алған болатын. 2017 жылдың 17 желтоқсан күні Алматы қаласында Айжан Байзақова Сейфуллин 59-үй мекенжайында орналасқан түнгі клубта мекеме қонақтарының алдында, яғни қоғамдық орында боқтық сөз сөйлеген. Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаларды мазалаған. Оның үстінде ол қыздар арасында шешіндіру үшін конкурс өткізіп, бұл шарада жүргізуші болған. Сот отырысында Байзақова өз кінәсін толықтай мойындаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер