Алматылықтар Тәуелсіздік күнін тегін мұз айдындарында тәжірибелі бапкерлермен өткізді
Бүгін ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында Жібек жолы - Абылай хан көшесінде және Тұңғыш Президенті саябағының алдында орналасқан тегін мұз айдындарында «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында және «Халықаралық спорттық жобалар дирекция» мемлекеттік қорының қолдауымен конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өтті, - деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
Бағдарлама аясында кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады. Ал, мұз айдынның келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтарды ұтып алды.
- Мен бүгін Влад деген жаттықтырушының арқасында коньки тебуді үйрендім. Ол маған дұрыс конькиде тұруды үйретті. Көңіл-күй керемет, музыка да жақсы. Жалпы мерекені керемет ортада тойлап жатырмыз. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Мария Дубовая.
Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына 2017 жылдың ақпанның 25-і қосылған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.
- Бүгін келушілер саны көп. Жалпы айтқанда 25-30 адамға өз көмегімді көрсеттім. Біз ең жеңіл қадамдардан бастаймыз, дұрыс конькиде тұруды және тепе- теңдікті ұстауды үйретеміз. Кейде келушілер көмекті өздері сұрайды, ал кейде өзіміз ынтамызды білдіреміз, - деп атап өтті жаттықтырушы Влад Хан.
Естеріңізге сала кетсек, Алматыда қазіргі таңда төрт ауданда 24 сағат тегін жұмыс жасайтын мұзайдындары іске қосылды. Алдағы уақытта бірнеше тегін мұзайындары іскеқосылатын болады. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.