Исекешев жаңа спорт кешенін аралап көрді
Тәуелсіздік күнінде Астана қаласының әкімі жаңа спорт кешені мен балалар бақшасында болып қайтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
<span>Ең алдымен Әсет Исекешев Сауран 5/1 мекенжайы бойынша орналасқан №59 мектеп-лицейдің аумағындағы төбесі жабық футбол алаңын қарап шықты. МЖӘ бойынша инвестициялық жобаның аясында бой көтерген спорттық ғимараттың ауданы 2 296 шаршы метрді құрайды. </span>
<span>
</span>
<span>Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуына қарағанда, бұл елорда мектептерінің жанында орналасқан төбесі жабық жалғыз футбол алаңы. Мұнда №59 мектеп-лицейдің оқушылары ғана емес, жақын орналасқан тұрғын үй алқаптарының тұрғындары спортпен шұғылдана алады. </span>
<span>Стадион барлық заманауи талаптарға сай келеді. Нысанның құрылысын "E&N business company" ЖШС жүргізген болатын. </span>