Қарағандылық паралимпиадашы жаңа рекорд орнатты

Қарағандылық паралимпиадашы жаңа рекорд орнатты

Мексикада өткен суда жүзу спортынан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қарағандылық Наталья Звягинцева 50 метр қашықтыққа шалқалап жүзу бойынша бірінші орынды иеленді. Андрей Афанасьев брасс әдісімен 10 метрлік дистанцияны жүзіп өтіп, үшінші орын алды.

Наталья Звягинцева паралимпиадалық ойындарда жүзуден «алтын» ұтып қана қоймай, Азия рекордын орнатты.

«Мексикада өткен сайыстар белгіленген уақытынан сәл кешірек өтті. Жарыс қыркүйек айына жоспарланған болатын, алайда жер сілкінісіне байланысты чемпионаттың өткізілу уақыты кейінге қалдырылды. Алайда Наташа үздік нәтижеге қол жеткізді», - деді Звягинцеваның бапкері Наталья Манохина.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшыларды сертификаттармен марапаттап, Олимпиада чемпиондары туралы кітап сыйлады.

Айта кетейік, сайыс Мехико қаласында (АҚШ) 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтті. Чемпионатқа әлемнің 55 елінен жиналған 300-ден астам спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или