Gambit Esports Куала-Лумпур төрінде топ жарды
Куала-Лумпурда (Малайзия) ROG Masters турнирі өтті. Аталмыш жарыстың финалында қазақстандық Gambit Esports командасы қытайлық TyLoo командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Топтық кезеңнен сүрінбей өткен жерлестеріміз жартылай финалда ресейлік Vega Squadron командасын 2:1 есебімен ұтты. <span>Ал екінші финались - TyLoo америкалық Grayhound Gaming командасын ұтқан болатын.</span>

Осылайша, Gambit Esports турнирдің жеңімпазы атанып, 117,5 мың АҚШ долларын еншіледі, ал қытайлық 58,8 мың долларды олжалап қайтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или