Ақтөбелік шебер Алтынбек Сейдалиев ағаш жапырағына әнші Димаш Құдайберген, боксшы Геннадий Головкин және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бейнелерін салды, деп хабарлайдыҚазАқпарат басылымы.
Ақтөбелік жапыраққа Геннадий Головкиннің портреттерін бейнеледі
Ақтөбе облысының Алға ауданында тұратын шебер Алтынбек Сейдалиев қағаз, темір, ағаш және пластмассадан түрлі бұйым жасайды. Осы күнде жұмыртқа мен қарындаштан кәдесыйлар әзірлеп жүр. Көпшілік оның ұқыптылықпен жасалған бұйымдарына тамсана қарайтындарын жасырмайды. Шебердің шәкірттері де түрлі бұйым жасауды кәсіп қылған. Мұнымен қатар, Сейдалиев пен оның шәкірттері ағаш жапырағына адамның суретін салады.

«Ақтөбеде ешкім дрим-арт стилінде сурет салмайды. Себебі, бұл көп еңбекті талап ететін жұмыс. Өңделген жапыраққа сурет салу үшін тіс дәрігерлерінің құралы қолданылады. Алдымен, жапырақты шайға қайнатып, оны жақсылап кептіреміз. Осы тұста қатты кеуіп кетуіне жол бермеуіміз керек. Ылғал мен құрғақтық арасындағы баланс сақталуы үшін жапырақты белгілі бір уақыт аралығында бастырып қоямыз»,<span> </span>—<span> </span>дейді шебер.
Шебер осы жолмен жапырақты өңдеп, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, боксшы Геннадий Головкин, әнші Димаш Құдайбергенді және балалық шақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, жануарлар тақырыбын қамтыды. Туындының барлығы микроскоппен салынған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или