Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алмайды - көріпкел

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алмайды - көріпкел

Атақты зілтемерші Илья Ильинді алдағы уақытта не күтіп тұр? Танымал экстрасенс Әлия Сәлімова спорт майталманының болашағына қатысты болжамын айтты.


Белгілі экстрасенс Ильинді бұрындары кездестіргенін, алайда, оның өмірінде болған түрлі жайттардан хабарсыз екенін атап өтті.

«Мұндай жағдай сөп спортшының басынан өткен. Әсіресе, зілтемірден еліміздің қыздар құрамасы да Ильин сияқты спорттан кетуге мәжбүр болыпты. Ильяның алдағы мансабы жайлы айтар болсам, келер жылы ол спортқа қайта оралуы әбден мүмкін және алдағы жыл ол үшін табысты әрі жетістігі мол жыл болмақ.

Спортшы өте табанды әрі жігерлі екен. Ол осыған дейін жоғалтқан барлық медальдарын қайтару үшін аянбай еңбек етіп, тер төгетін болады.

Ал, Токио олимпиадасына келер болсақ, Ильин оған қатыса алмайды. Болашақта оны бапкер ретінде көруіміз мүмкін», - деді экстрасенс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или