Бұрынғы футболшы Каха Каладзе Тбилиси мэрі атанды
<span>«Грузин арманы» партиясынан ұсынылған кандидат, Грузия ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны 39 жастағы Каха Каладзе 21 қазанда өткен Тбилиси мэрі сайлауында 51,06% көрсеткішімен жеңіске жетті. </span>
<span>Жексенбіде Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 727 сайлау учаскесінің барлығынан жиналған бюллетеньдерді санап шығып, осылай мәлімдеме жасады. Екінші орынды тәуелсіз кандидат Алеко Элисашвили (17,46% дауыс) алды, «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясынан шыққан Заал Удумашвили (16,53%) үшінші нәтиже көрсеткен. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или