Шымкенттегі жаттықтырушыларға арналған тегін оқу курсына 9 өңірдің бапкерлері қатысады
Шымкентте өтетін жаттықтырушылардың курсының басталуына аз уақыт қалды. Қазіргі кезде қатысушылардың саны анықтала бастады.
Оқу-курсы 19-30 қа<span>занға жоспарланған. Семинар мен тренинг екі бағыт бойынша өтеді. Біріншісі –Kids Athletics деп аталады. Бұл топта балаларды жеңіл атлетикаға баулумен айналысатын жаттықтырушылар біліктіліктерін артыртырады. Екінші топта ересектермен жұмыс істейтін мамандар болады. Олар да Шымкенттегі білімдерін теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіріп қайтады. </span>
Оқытушылар арасында қазақстандық мамандар, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, республикалық допингке қарсы орталықтың өкілдері, сондай-ақ Эстониядан келетін IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников болады.
Курсқа қатысуға еліміздің 8 облысы мен Алматы қаласынан 60 жаттықтырушы өтініш берген.
Айта кетейік, біліктілікті арттыруға арналған мұндай курс осыған дейін Өскемен қаласында екі рет ұйымдастырылған еді. Алдымен сәуірде, сосын тамыз айында. Соңғысында орта қашықтыққа жүгіру бойынша (3000 метр) 1998 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемнің үш дүркін жеңімпазы Татьяна Самоленко, онсайыстан КСРО рекордсмені, Халықарарлық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) жоғары дәрежелі лекторы Александр Апайчев дәріс оқыған болатын.
IAAF-тың ресми лекторы, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша оқу курсы тегін өткізеледі.
– Ғылыми-техникалық орталық аймақтарға курс туралы ақпарат тараттық. Біз әрбір топқа 25 адамнан жинаймыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ ниет білдіргендер саны одан асып түсті. Kids Athletics бағыты бойынша барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр. Қатысушылар тек жол шығынын ғана өз қалталарынан төлейді. Оқу курсын Шымкенттегі ашық стадион мен манежде өткіземіз. Шеберлік сағатына Эстониядан IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников келеді. Курс әрбір топ үшін 12 күнге жалғасады, – дейді Александр Кругликов.