Нұсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласындағы «Арай» спорттық-сауықтыру кешеніне барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы «Арай» спорттық-сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында «Арай» спорттық-сауықтыру кешенін аралап көрді. Кешенде аквапарк, SPA орталығы, балаларға арналған ойын павильоны, коттедж қалашығы, аттракциондарды қамтитын ашық бассейндер, фитнес орталығы, сондай-ақ 500 адамға арналған балалар орталығы бар. Елбасы облыс жастарымен және балалармен кездесіп, бейресми әңгіме өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или