Алматыда банк қызметкерлері арасында спартакиада өтеді

Алматыда банк қызметкерлері арасында спартакиада өтеді

Қыркүйектің 17-і күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының банк қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады.

Жарыс шағын-футбол, армрестлинг, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахматтан әуесқойлар бақ сынасады. Жарыстың ресми ашылуы сағат 09:00-де.

Спартакиадаға тек банк қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады.

Спартакиаданың басты мақсаты банк қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Өтетін орыны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық кешені (Әл-Фараби даңғылы,71)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или