Бокс

Головкин - «Канело» жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Головкин - «Канело» жекпе-жегін қайдан көруге болады?
news-banner7
mobile-news-top

17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында көптен күткен жекпе-жек өтеді.

Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 06:00-де.

Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Түпнұсқасы: kaztrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер