Басқа

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы ӘЧ-нан шеттетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы ӘЧ-нан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтетін биылғы әлем чемпионатына жіберілмеді. Қазақстандық спортшылардың дүбірлі додаға қатыспауына допинг себеп болып отыр.

Қазақстаннан өзге ауыр атлетикада жүлделі орындарды бермей жүрген Қытай мен Ресей де әлем чемпионатына қатыспайды. Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдовия да қатыспайтын елдердің қатарында.

Аталған елдердің бәрі бір жылға жарыстардан шеттетіліп отыр.

Соңғы уақытта Қазақстанның бірнеше ауыр атлеті допингпен ұсталып олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған болатын. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедовалар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер