Алматыда аула командалары арасында кезекті футбол лигасы өтеді

Алматыда аула командалары арасында кезекті футбол лигасы өтеді

Қыркүйектің 3-і күні «Спорттық Алматы» жобасы аясында Алматыда футболдан аула командалары арасында лигасының 14-ші жарысы өтеді.

Теңбіл доп додасына сегіз жастан жоғары барлық жеткіншектер қатысуға мүмкіндік алады. Футбол ойындары «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алаңында ұйымдастырылады. Олимпиада жүйесіне сәйкес өтетін жарысқа қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін және «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.

Ережеге сәйкес, әр команда 8 ойыншыдан жасақталады, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен бірге.

Жарысқа тіркелу ақысыз түрде ойын алдында басталады. Айта кетер жайт, осы жолы 8-14 жас пен 15 жастан жоғары футболшылар арасындағы кездесулер бір уақытта 09:00-де басталады.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.

«Спорттық Алматы» жобасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Мекен-жайы:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің футбол алаңы,Әл-Фараби, 71/20.

Уақыты:

«А» және «Б» лигалары – басталуы сағат 09:00-де.

Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша:

8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов

8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или