«QAZSPORT» арнасы Қазақстан рекордтар кітабына енді

«QAZSPORT» арнасы Қазақстан рекордтар кітабына енді

Орталық коммуникациялар қызметінде «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің, Астана қаласындағы Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергеновтың, күш нөмірі бойынша рекордшы Сергей Цырульниковтың және Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченконың қатысуымен мәслихаты өтті.

«QAZSPORT» елдегі алғашқы мемлекеттік спорт телеарнасы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енді. 2013 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған спорттық телеарна бүгінде шетелдік және жергілікті спорттық жаңалықтарды кеңінен таратуда.

«QAZSPORT» арнасының басты міндеті – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрақты дене шынықтырумен айналысуға баулу. Жас телеарнаның тарихында тағы бір қуанышты хабар пайда болды.

Қазақстанның тепсе темір үзетін рекордшы палуаны Сергей Цырульников «QAZSPORT» арнасының 4 жылдығына орай, өкпе және бұлшық еттерінің күшін көрсетіп, 7 медициналық резеңкелі жылытқыларды 58 секундта жарды. Бұл Қазақстан рекордтар кітабының өкілдерімен бекітілген Қазақстан және әлем рекорды болды. Енді бұл мәліметтер Гиннес рекордтар Кітабына жіберілмек.

Жаңа маусым қарсаңында «QAZSPORT» ребрендингтен өткен болатын. Ребрендинг аясында арнаның логотипі және графикалық әрленуі өзгертілді. Жаңа логотип «Qazaqstan» корпорациясының медиа активтерінің бір отбасыдан шыққандығын белгілейді. «QAZSPORT» арнасы өз көрермендерін жаңа маусымда тың бағдарламаларымен қуантатын болады. Ал, жанкүйерлерді қазақстандық және шетелдік жарыстардың көрсетілімдері күтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или