Төрт дүркін олимпиада чемпионы өмірден озды
Бетти Катберт 80 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады ҚазАқпарат.
<span>Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының ресми сайтында хабарланды. Катбертке 1974 жылы склероз диагнозы қойылған. </span>
<span>Катберт 100 м, 200 м, 400 м жүгіруден және 4х100 м эстафетасында олимпиадалық алтын медальдарды иеленген жалғыз спортшы. Бұл медальдарды ол екі Олимпиада - 1956 жылы Мельбурнде (100 м, 200 м және эстафета) және 1964 жылы Токиода (400 м) еншіледі. </span>
<span>2000 жылы Катберт Сиднейде олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде алау ұстаушылардың бірі болды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или