Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды
Бүгін елімізге танымал футбол маманы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бапкері Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды.
Бауыржан Сәрсекенов <span>«Труд» (Ақтау), «Нефтяник - Өзен» (Жаңаөзен), «Химик» (Степногорск), СКИФ (Алматы) командаларында өнер көрсеткен. Жаттықтырушы қызметіне 1981 жылы кіріскен. </span>
<span>«Қазақстан футболының дамуына қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталған. Елімізге танымал Марат Шахметов, Жамбыл Көкеев, Марк Гурман, Артем Фомин секілді футболшылар шәкірті болған. </span>
<span>PROSPORTS ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!</span>