Алматыда «Нұрсұлтан шыңы –2017» альпиниадасы өтті

Алматыда «Нұрсұлтан шыңы –2017» альпиниадасы өтті

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында Астана күніне арналған дәстүрлі «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтті.

Аталмыш шара Шымбұлақ тау шаңғы курортында 5000 адамның басын қосты. Оның ішінде Еуропа мен Азия елдерінен келген қонақтар қатысты. 4376 метрді бағындыруға тілек білдірушілер арасында кәсіпкер спортшылар, балалар мен ересектер те болды.

Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар бақтарын сынады, ал одан кішілері ата-аналарымен бірге қатысты. Айта кететін жайт, қатысушылар арасында Қазақстан қалаларымен қатар, ТМД елдерінен келгендер де болды.

- Мен алғаш рет тау шыңына шықтым. Қазақстанға іссапармен келгенмін, әріптестерім осы спорттық шараға қатысуға кеңес берді. Маған барлағы ұнады. Тағы бірнеше күнге қалу жоспарда бар, - деп бөлісті Ресейден келген қонақ Сергей Садовский.

Сонымен қатар, өз әсерлерімен елорда қаласының тұрғыны Әйгерім Жұмаділова да бөлісті.Бойжеткен Астанадан альпиниадаға қатысу үшін арнайы келген. Атап өтсек, осы жылы айтулы дода 22-ші мәрте өтті.

- Бұл жарыс туралы тәтемнен естідім. Сөйтіп, ғаламтордан толық ақпаратты тауып, қашан, қай уақытта өтетінін білдім. Астанадан бақ сынауға келдім. Шыны керек, тәжірибиесіз, тау шыңын бағындыру оңай емес. Бірақ, мен ауыр жеңіл атлетткамен және бимен шұғылданамын. Сондықтан, жеңілірек болды деп ойлаймын, - деп атап өтті Әйгерім.

Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің көмегімен Талғар асуында (3200 м), ал Алматы қаласы альпинизм Федерациясының қолдауымен Нұрсұлтан шыңында (4376 м) бұқаралық Альпиниада қатысушыларын тіркеу өтті. Нәтижесінде, соңына дейін 290 адам ғана жете алды. Олардың ішінде марафон және скайраннинг шеберлері Альпиниада жүлдегерлері атанды. Ерлер арасында 1 сағат 55 минутта бірінші болып Малик Абду-Асет келсе , ал әйелдер арасында Айжан Жомбатыр шыңды 2 сағат 27 минутта бағындырды.

Мәреде қатысушылар мен Шымбұлақ қонақтарын «Пандора» би тобы сергітті, ал «Галантус» тобы әсем әуен сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндердің көңілін сахнада аниматорлар мен Павел Медведь диджейі аулады. Бұл ерекше күн барлығы үшін жылы жүзді қатысушылармен, жартасты таулармен және де керемет ауа-райымен есте қалды.

Айта кетсек, Альпиниаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына сәйкес жастарды спортқа қызықтыру, белсенді тынығуды жастар арасында насихаттау.

Елбасының туылған күніне орай, жыл сайын шілденің басында дәстүрлі Альпиниада өтеді, теңіз деңгейінен 4376 метр қашықтықта бұқаралық Нұрсұлтан шыңына шығу. Бұл ең биік, әрі керемет шыңдардың бірі.

Атап өтсек, спорттық шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Спорттық Алматы» бұқаралық қалалық бағдарламасы мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына және белсенді спорттық тынығуды дәріптеуге бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или