Алматыда «Жұлдызай» республикалық спартакиадасының финалдық кезеңі өтеді

Алматыда «Жұлдызай» республикалық спартакиадасының финалдық кезеңі өтеді

Алматы қаласының ақпараттық-спорт хабы мамырдың 30-ы мен 31-і күндері мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өтетін «Жұлдызай» республикалық спартакиадасының финалдық кезеңі өтетінін хабарлайды.

Шараның басты мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа қызықтыру, оларды қоғамға әлеуметтендіру, біріктіру, сондай-ақ, дарынды спортшыларды іріктеп, оларға қолдау көрсету.

Аталмыш жарысқа 400-ге жуық қыздар мен ұлдар «Динамо» стадионында спорттың төрт түрінен, шағын футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі және асық атудан белгілі ережелер бойынша сайысқа түсіп, өзара мықтын анықтайды. Қатысушылар 10-15 жас аралығындағы балалар. Олар қалалық іріктеу кезеңінде жақсы нәтижелер көрсетіп, топ жарған ұжымдар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медаль мен дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, оларға бағалы сыйлықтар табысталады.

Спартакиаданың ұйымдастырушылары: Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының Білім басқармасы. Сонымен қатар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы.

Естеріңізге салайық, жарыс «Динамо» стадионында сағат 10:00-де басталады. Келушілерге кіру тегін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или