Ресей құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Паралимпиада ойындарынан шеттетілмек
Халықаралық паралимпиада комитеті (International Paralympic Committee - IPC) допинг қолданған Ресей құрамасын 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Паралимпиада ойындарына қатыстырмауы мүмкін.
Ресей паралимпиада комитеті IPC-ның 67 талабының 62-сін орындағанын айтады. Қаңтарда жаппай допинг қолданды деген айыпқа байланысты ресейлік паралимпиадашылардың жарыстарға қатысуына тыйым салынған.
«Бұл соңғы ескерту емес. Бірақ уақыт тез жетіп қалатынын меңзеу», - деді IPC президенті Филип Кревен.
Естеріңізге салайық, 2016 жылы желтоқсанда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттың 30 түрінен жарыстарға қатысып жүрген ресейлік спортшылар 2012 жылы Лондон Олимпиадасында, 2014 жылы Сочидегі Қысқы олимпиадада және басқа да жарыстарда допинг қолданған деп мәлімдеген.