Ділдәбековтің екінші әйелі колледж директоры болып тағайындалды
Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің екінші әйелі Альбина Елшиева конкурстық негізде Шымкенттегі №2 колледждің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Танымал боксшының жұбайы 2011 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып, 2012 жылы Мұхтархан Ділдәбековке тұрмысқа шықты.
Кейін декреттік демалысқа кеткен соң 2015 жылы бұл басқарма атауы өзгеріп, басшылық қызметке Қуандық Құлажанов тағайындалған. 2016 жылы Елшиева облыс әкімдігінің аппаратын өзін қызметтен заңсыз босатты деген шағым түсіріп, сот оның арызын қанағаттандырған болатын. Бірақ Альбина Елшиева бас педагог қызметіне қайта отырмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или