Спортты қаржыландыру бойынша заңға өзгерістер енгізілді
ҚР сенат депутаттары дене шынықтыру және спорттың қаржыландыруы ашық өтуі үшін жасалған өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
Осыған дейін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «дене шыныққтыру және спортты қаржыландыру жүйесін дамытып, оның түсінікті әрі таза өтуі» жайлы мәселе қозғаған болатын. Оның айтуынша, бұл жүйе Қазақстандағы спорт түрлерін сорттап, республикалық және областық деңгейлерде қаржыны обьективті бөлуде оңтайлы шешім табылуы тиіс.
Мұхамедиұлы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде ҰОК-тің мақсаттары айқындалатынын жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар бұқаралық спорты дамытса, орталық орган стратегиялық тапсырмалармен, қаржыны бөлу әрі дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелерімен жұмыс істейді. Сонымен қатар, спортты дамытуда ХОК-тің рөлі артады.
Бюджетті анықтауда бірнеше спорт түрлерін сорттау критерийлері есепке алынады. Бұлар: халықаралық деңгейдегі нәтижелер, ұлттық-мәдени спорт түрі, кадрлық болашағы бар спорт, метариалды-техникалық базаның болуы, климтаттық ерекшелігі бар спорт түрлері. Сонымен қатар, Ұлттық паралимпиадалық комитеттің деңгейін өсіру бойынша бап та қабылданды.