Белградта «Спартак» жанкүйерлері пышақталды

Белградта «Спартак» жанкүйерлері пышақталды

«Спартак» пен «Црвена Звезда» арасындағы матчқа келген үш ресейлік жанкүйер жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС.

Үшеуі де пышақталып, ауруханаға түскен. Біреуінің жағдайы ауыр күйде. Куәгерлердің айтуынша, ойыннан кейін өз клубының туын ұстаған сербиялық және ресейлік жанкүйерлерге шабуыл жасалған. Қақтығыс белградтық «Партизан» клубының жанкүйелерімен болғаны расталды. Врачар ауданындағы полицияның кезекші бөлімі оқиға жайлы пікір білдіруден бас тартты. Ал, жедел жәрдем жапа шеккендердің ауруханаға орналастырғандарын растаған. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или