WADA ресейлік спортшылардың артын ашу үшін қанша ақша жұмсады?
<span>WADA ұйымы ресейлік спортшыларды тексеру үшін 4 миллион доллар қаражат жұмсаған, деп хабарлайды ұйымның реесми сайты. </span><br /><br /><span>Бүкіләлемдік антидопинг орталығы 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған спортшылардың толық тізімін жариялаған болатын. Сол тізімде ресейліктер 19 медалінен айырылса, біздің спортшылар 9 медалімен қоштасты, ал Беларусь спортшылары 7 медалінен айырылды. Көбіне бұл дауға іліккендер - ауыр атлеттер. Олардың барлық саны - 26. Ал жеңіл атлеттерде - 18, күрес шеберлерінде 5 оқиға тіркелді. Негізі, WADA тексеру жұмыстарын 2015 жылы бастаған болатын. Сол уақыт аралығында ресейлік спортшылар бірінен соң бірі спорттан шеттетіліп, атақтарынан айырылды. Осындай, атақтарынан айырылғандар қатарында жерлестеріміз де бар.</span>