Универсиададан пәтер ұтып алған қыз, көз жасына ерік берді
Универсиада билеті арқылы Алматыдан екі бөлмелі пәтер ұтып алған 24 жастағы қызылордалық Жұлдыз Жұмаділова қуанышынымен бөлісті, деп хабарлайды prosports.kz.<br /><br />Бағы жанған қыз Универсиада өкілдерінің кеңсеге шақыртқанында да пәтер ұтып алғанын білмеген болып шықты. Ол ары кетсе бағалы сыйлық ұтып алған шығармын деп ойлапты.<br /><br />Универсиада өкілдерімен әңгімесінде ол 7 жыл бұрын Қызылордадан Алматыға келіп, осында қалуды ұйғарғанын айтып берді. Осы жылдар бойы туыстарының үйінде тұрып келіпті. Ал өз баспанасы болмапты. Соңғы 1,5 жылда Жұлдыз банктердің бірінде cash-менеджмент бөлімінде жұмыс істепті.
Айта кетейік, жұлдыз билетті өзіне емес, әпкесіне алып беріпті. Әпкесі мәнерлеп сырғанау спортын жақсы көреді екен. Жұлдыз 4 билет сатып алып, әпкесіне Денис Теннің өнерін өз көзімен көруі үшін Жаңа жылға сыйлық жасапты. Ал өзі спортқа қызықпайды екен.