Мәссаған! Алматылық қыз Левиттің бейнесін тату етіп салдырды
Алматылық қыз 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің бейнесін тату етіп салдырды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бір қызығы танымал боксшының бейнесін қыз санына салдырған екен. Бұл жайттың мән-жайын тату шебері Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді:

«Міне, түнді де өткіздік. Сіздер жанкүйердің ессіз махабаты мен адалдығы жайында не білесіздер? Осы түні сондай бір махаббаттың біріне куә болдым. Эскизді тез салдық, өйткені қыз фотосурет алып келді, ал қасқыр бейнесіне біраз уақыт жұмсадық. Бірақ еңбегіміз нәтижелі болған сияқты. Өздері әспеттейтін адамдар бейнесін салдыратындар аз екенін айтайын, ал суретте біздің боксшымыз. Бұрын тек Гена Головкинді ғана білетін едім. Сөйтсе, бізде боксшылар жетеді екен. Тату салып болғанша Левит жұдырықтасқан Олимпиаданың финалын көрдік. Әділ болмапты, енді мен де оған жанкүйер болам».

Айта кетейік, 2015 жылғы Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» клубының (қасқыр клубтың символы) құрамында Левит WSB чемпионы атанып, Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алған еді.