ҚПЛ-дың экс-ойыншысының әйелі ресейлік телеарнадағы бағдарламаның қонағы болды (+Видео)

ҚПЛ-дың экс-ойыншысының әйелі ресейлік телеарнадағы бағдарламаның қонағы болды (+Видео)

Украиналық футболшы Александр Алиевтің бұрынғы әйелі «Пусть говорят» бағдарламасына қонаққа барып, күйеуінің ұрып-соққаны жайлы айтып берді.

Татьяна Алиева Андрей Малаховтың бағдарламасына келіп, күйеуінің әрекетін әшкерелеуге көшкен. Александрдың оны ұрып-соғып, үнемі мас күйінде үйге келіп, қыз құмарлық әдетінің де бар екенін айтты. Бағдарламада өзінің күйеуінен таяқ жеген кездегі фотосын көрсетіп, Александрдың бос бөтелкелердің арасында ұйықтап жатқаны бейнеленген кадрларды жариялады.

Өз кезегінде футболшы болған жайтқа әйелін кінәлауда. Әйелінің үйге келмей, алкагольды көп қолданантынын айтып, балаларды себепсіз үйден алып кететінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейін, Александр Алиев өткен жылдың шілде айында «Таразбен» келісімшартқа отырып, 13 матчта бір гол соққан. Бұл оның басы дауға іліккен алғашқы жағдай емес. Осыған дейін белгісіз біреулер қарыздары үшін оны соққыға жыққан. Сонымен қатар, Александр түнгі клубқа келіп, адамдарға қару төсеп, көзге түскен болатын.

 

 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или