Шлоквик: «Қазақстан құрамасының өзімен бірге осыншама дәрі-дәрмек әкелгені таңғалдырды»
Норвегия биатлоншылар одағының басшысы Эрленд Шлоквик Австриядағы әлем чемпионаты кезінде туған допинг дауы жайлы пікір білдірді.
«Бұл – жағымды жаңалық емес. Егер бұл рас болса, адамдардың ештеңеге үйренбегені өкінішті.
Олардың өзімен бірге осыншама дәрі-дәрмек, ампулалар мен басқа да құрылғыларды әкелгені қызық. Бұның бәрі олардың басқа мәдениеттен екенін көрсетеді. Бұл жағдай маған велоспортты есіме түстірді. Ол кезде командаларға көптеп дәрі-дәрмек әкелінген болатын», - деп Шлоквиктің сөзін «Спорт-Экспресс» жеткізді.
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Австрия полициясы Қазақстан құрамасынан тиым салынған дәрумендер тапқан болатын. Қаңтар айында Хохфильцен қаласында табылған тиым салынған дәрумендер де біздің құрамаға тиесілі болуы мүмкін деген күдік бар.