Қанат Исламның жекпе-жегінде Жанар Дұғалова ән айтады
Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген Қанат Ислам 17 ақпанда АҚШ-тың Уилмингтон қаласында жекпе-жекке шығады.
«Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін. Оның ұлтжандылығы жастарға үлгі. Әр қазақ Қанаттың жанкүйері. Жекпе-жегін көріп, жеңіс тілеп, тақым қысып отырады. Нәзік жанды болсам да мен де батырымыздың жекпе-жектерін көремін, жанкүйер боламын. Ол тек бокс емес. Ол жерде қазағымыздың намысы мен абыройы тұрады. Елдің атын әлемге танытып, кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген Қанат Исламның жекпе-жегінде ән айту мен үшін үлкен бақыт» - деді әнші. <br /><br />Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда жекпе-жекті Қазақстан арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или