Мирзаевқа кімнің шабуыл жасағаны белгілі
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Расул Мирзаевқа шабуылды оның бұрынғы сүйіктісі ұйымдастырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Life.ru.
Мәскеулік тергеушілер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтаған. Басылымның берген ақпараты бойынша, қылмыскерлер қолға түспеген. Спортшыға шабуыл жасағандар оның бұрынғы қызының ағалары болып шықты. Шабуыл жасалған күні жапа шегушінің үйінің есігін қыздың құрбысы ашып бергені белгілі болды.
Расул Мирзаевті ұрып-соғу кезінде қаскөйлердің бірі спортшының бетіне «Сайга» карабинін кезеп, кешірім сұрауын талап еткен. Төбелес кезінде Расулға травматикалық қарудан оқ атылған. Салдарынан спортшы ауыр жарақаттанды.
Күдіктінің суретін көрген спортшы, оның қаскөйлердің бірі екенін айтқан болатын.

Күдікті Камиль Аллахвердиев
Естеріңізге сала кетейін, 31-ші желтоқсанда Расул Мирзаевтың өз пәтерінде спортшыны травматикалық қарумен атып, таяқпен ұрып-соққан болатын.