Швед спортшысы қар көлігімен ауада екі айналды
Швециялық экстремал Дэниел Бодин әлемде тұңғыш болып қарда жүретін көлікпен артқа қарай 2 мәрте сальто жасады, деп хабарлайды Red Bull сайты.
Спортшы бұл әрекетті жасауды екі жылдан астам уақыт армандағанын, ал қазір мұны жасау қолынан келгеніне сене алмай отырғанын айтқан.
Бодин соңғы бірнеше айын осы әрекетті жасауға дайындықпен өткізгенін де мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или