Ирандық бодибилдер желідегі фотолары үшін абақтыға қамалды
Иранда жергілікті бодибилдер Ширин Нобахариды Instagram желісінде жариялаған фотолары үшін полиция қызметкерлері қамауға алды.
Ирандық билік өкілдері Шириннің фотоларында денесін ашық көрсетті деп танып, оған Ислам Республикасының заңын бұзды деген айып таққан. Ширин екі миллион риал айыппұл төлей алмағандықтан абақтыға жабылды.
Ширин Нобахари – Иран елінің атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген екі бодибилдердің бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или