ESPN Винус Уильямсты гориллаға теңеген комментаторды жұмыстан шығарды

ESPN Винус Уильямсты гориллаға теңеген комментаторды жұмыстан шығарды

Америкалық комментатор  Дуг Адлер  ESPN спорттық арнасындағы жұмысынан айырылды. Ол Австралия ашық чемпионаты кезінде теннистен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Винус Уильямсты горилламен салыстырғаны үшін қызметінен кеткен.

Бұл оқиға америкалық пен Швейцария елінің өкілі Штефани Фегеле арасындағы матч кезінде болған. Бұдан кейін комментатор мен телеарнаға жаппай сын айтыла бастады.

Адлер кейіннен эфирде «gorilla» (горилла) емес, «guerrilla» (партизан) сөзін қолданғанын айтқан. Дегенмен телеарна басшылары «ол сөз қолдануда мұқият болуы керек еді» деп жауап беріпті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или